АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯДАҒЫ АУРУ ТЕРАПИЯСЫ

Ауру шарасыз жағдай емес

«66-шы тас жолда рахатқа бата ғой», – Хинрих Брек пен доктор Карл-Хайнц Гнутцманн біраз уақыт бірге күбірлесті де, содан соң Брек Кронсхаген амбулаториялық хирургия клиникасының ота жасау үстелінде ұйқыға бөленді.

Бәлкім, 64 жасар азамат Rolling Stones тобының жақсы бір классикалық рок-н-роллы туралы немесе Харлимен саяхаттап жүргендігі туралы түс көріп жатқан болар. Дегенмен де, процедурадан кейін 50 сағат бойы ауыруды сездірмейтін дәрінің оң иық арқылы біркелкі жіберілуін қамтамасыз ететін шағын сорғы қазіргі заманғы ауруды емдеу арсеналының бір бөлігі болып табылады. Анестезиолог Гнутцманн Easypump құрылғысын он жылға жуық уақыт бойы қолданып келе жатыр.

«Иығыма әлдене қажалып жатқандай. Қатты ауыртуда», – деді жалындаған велосипедші бүгін таңертең. Ол ендігі сәтте ота ауруын жазады деген үмітте. Оған иықтың импичмент синдромы диагнозы қойылғаннан кейін көп ұзамай ол мынаны түсінді: «Мен ота жасалғанын қалаймын», – бірақ тек бұл ғана емес: Хинрих Брекке оның танысы дәл осы процедураны бастан кешірген тәжірибесі жөнінде айтып берген еді. «Бәрі жақсы болып келе жатқан, алайда амбулаториялық отадан кейін оны үйіне алып келген уақытта қатты ауырсыну басталды.»

Хинрих Брек дәл осы жағдай оның да басынан өткенін қаламайды. Доктор Гнутцманнмен алдыңғы консультация кезінде ол амбулаториялық клиникада бір түнге қалуды шешіп, дәрігерден денеге орнатылатын сорғы арқылы ауыруды басатын дәріні жіберуін сұрады. Сақтандырумен қамтамасыз етілмейтіндіктен тіпті өздігінен тағы бір күн түнеу құнын төлеуіне тура келсе де, ол «Мен неге соншалықты қиналуым керек?» деген ойға келді.

Ота жасау үстелінде жатса да, ол өзінің «Милуокиден алдырылған темір доңызы» туралы солтүстік-неміс диалектінде анестезиологпен аздап әңгіме-дүкен құрып, көп ұзамай ұйқыға кетті. Емделуші денесіне жасанды тыныс алу түтігін орналастыра отырып, анестезиолог: «Кейбір емделушілер көбіне анестезия енгізіліп жатқанда айтылған әңгіме жөнінде түс көреді», – деді.

Сол уақытта хирург, травмотолог және ортопед, доктор Маттиас Циммерман ота жасау бөлмесіне кіріп келді. Анестезиология мейірбикесі Роберт Кренцпен және ота жасау бөлмесінің мейірбикесі Никольмен бірге ол емделушіні сол жақ бүйіріне жатқызып еді, қолы денесінен ары төмен салбырады. «Бұл жағдайда таза аймақтық анестезия жеткіліксіз, өйткені қолдың физикалық тартылуы соншалықты күшті, – деп түсіндірді Гнутцманн, – сондықтан да процедураны жалпы анестезиямен жүргізу қажет». Ол Брекке таблетка түріндегі «классикалық» ауырсынуды басатын ибупрофенды беріп, ота алдындағы анестезияға кірісті. «Біз әрдайым аурудан бір қадам алда тұруды қалаймыз», – деп түсіндіреді ол. Анестезия кезінде новалгин енгізіледі. «Мұны жасау өте оңай.»

Сол уақытта хирург Хинрих Бректің иық буынының артроскопиялық отасынан бастады. Акромион астындағы өзгерістерді операциялық үстел үстіндегі мониторлардан көруге болады: қалыңдаған тін, жауырынның шеті синовиалық қалтаны қабындандыра отырып, тінді қажаған және оған зақым келтірген. «Импичмент синдромына байланысты иық буынының симптомдары бар 40-тан 60 жасқа дейінгі емделушілердегі классикалық көрініс», – деді Циммерман артық және зақымданған тіндерді эндоскопиялық жолмен алып тастай отырып. Мейірбике бике Николь «жуып тазартуға» кірісті, яғни тінді шайып, ондағы суды тартып шығара бастады. Пациенттің қан қысымы шамалы уақытқа аздап көтерілді. Хирург анестезиологқа қарап тұрып, жай ғана «Калле» деп есімін айтты, ал Карл-Хайнц Гнутцманн систолалық артериялық қысымды 100-110 шамасы аралығында реттеп отырды. «Қан кетуді бақылауда ұстау қолайлы болып табылады», – деп түсіндірді.

Сол сәтте хирург бұғана қабырғаны қажалуы тоқтайтындай етіп қатты басты. Ол эндоскопиялық құралдарды енгізу үшін тесілген жерлерді тігіп, 40 минуттан кейін ота бөлмесінен шығып кетті. Енді қайтадан «Калленің» кезегі келді. Анестезиологиялық медбике Роберт анестезиядан шығу процесін бақылау үстінде болғанда, Гнутцманн емделушінің оң жауырыны үстінде өшпейтін маркермен «белгілер» жасады. Ақырында, ол 0,85 миллиметр жұқа катетерді жоғарғы қылқан үсті бұлшықеті шұңқырына төрт сантиметр тереңдікте енгізді. Содан кейін, ол негізгі жүйке айналасындағы саңылауға шамамен 30 миллилитр ауыруды сездірмейтін дәрі қосты. Ол өткізгіш анестезияның артықшылығын жауырын үсті жүйкесінің бітелуіне сүйене отырып, былайша сипаттайды: «Ауыруды сездірмейтін дәрі келесі төрт-алты сағат ішінде тез арада тікелей жауырын үсті жүйкесіне әсер етеді». Ендігі жерде ауыруды басатын дәрі сорғысының денеге ену орнын бітеп, оны түссіз жабысқақ таңғышпен бекітуге уақыт жеткілікті.

«Егер емделуші біз катетерді орналастырып болған уақытта оянса, онда уақыт дұрыс белгіленген болып табылады», – деп түсіндірді Гнутцманн. Хинрих Брек міңгірлей бастады, шамасы әлі 66-шы тас жолда зымырап келе жатқан секілді. Сол уақытта көрші бөлмеден дәрігер Роберттің шыныққан шымыр тұлғасы көрінді: Ауырсынуды басатын сорғының эластомерлі баллонын толтыруға қажетті 200 миллилитр ропивакаин және үлкен 50 миллилитрлік шприці бар екі қалта сақадай сай тұр. Ол шприцті сегіз рет толтырып, сұйықтықты Easypump сорғысына қарай бірнеше минут бойы аздап басу барқылы айдады. Инфузиялық құрылғы пайдалануға дайын. Процедурадан кейін шамамен екі сағаттан соң Хинрих Брек қайтадан есін жиды. Операциядан кейінгі палатада «Еш жерім ауырмайды», – деп ішінен ойланды да, рахаттана жеңіл күрсінді. Гнутцманн мен мейірбике Роберт ота бөлмесінде орналастырылған катетерді бір рет басып, Easypump сорғысының қуат көзі желісін ажыратты. Ауыруды басатын дәрі тоқтаусыз жіберіліп жатты. Басқару элементі әрінің ағуын дене температурасы арқылы реттеп отырады. Брек амбулаториялық клиника палатасының қабырғасында өтетін түнінің тыныш өтетініне үміттеніп дәмеленуде. Мүмкін, оның АҚШ еліндегі саяхаты туралы түсі жалғасын табар!

Автор: Ирен Грейф