ХОСПИС

Өмір мен өлім қатар жүріп қана тұтас тіршілікті құрайды

Рахель Манн өлімнен еш қорықпайды, алайда оның қорқынышына себеп болатын жағдайлар жеткілікті, себебі ол Берлин қаласында еврей ұлтының өкілі ретінде екінші дүниежүзілік соғыс жылдарын бастан кешірген. Қазіргі уақытта майталман Манн ханым Берлин хосписінде ерікті ретінде жұмыс атқарады.

Бүгінгі күні ол 79 жаста және қашанда басқаларға қызмет етуге арнаған оқиғаға толы өміріне көз жүгіртеді. Ол мұғалім, жазушы, психотерапевт, дәрігер, тәжірибе жинаушы кәсіби емес дәрігер, сондай-ақ рухани тәлімгер ретінде қызмет атқарды.

Манн ханым, сіз өлім аузындағы адамға қолдау көрсетуші ретінде қызмет атқарасыз, солай ма?

Мен хосписте үш жыл көлемінде қызмет атқарудамын, сондай-ақ төсек тартқан емделушілерге күтім көрсетемін. Венкебах ауруханасына қарасты бұл хоспис 15 қос қабатты төсекпен жабдықталған. Әр емделушінің жайлы, бірақ, сондай-ақ толығымен оқшауланған өз бөлмесі бар. Емделушілерді өз төсектерінде ортақ бөлмелерге сырғытуға болатын аурухана бөлімдері бар. Менің ойымша, бұл өте дұрыс, себебі адам төсекке таңылса, сондай-ақ аса ауыр халде өзін жалғыз сезінеді.

Өз жұмысыңызды сипаттап бере аласыз ба?

Мен күтім көрсетілетін жандар үшін олардың ең жақын қарым-қатынастағы серігі болып табыламын және сондай-ақ мүмкіндік болған жағдайда оларды соңғы сапарға аттандыру рәсіміне де қатысамын. Мен күтім көрсеткен соңғы адам менімен жасты, яғни 1937 жылы дүниеге келген болатын. Ол неміс ұлтының өкілі ретінде АҚШ елінде тұрып, оған сол жерде қуықасты безінің қатерлі ісігі диагнозын қойды. Ауруы асқына бастаған уақытта ем қабылдауға Берлинге оралып, өмірінің соңғы күндерін осында өткізуге бел буды. Хосписте үш күн жатқаннан кейін ауруы асқынғаны соншалықты, ол әр төрт саған сайын морфин қабылдайтын. Мен оның халын білуге кіргенде қызына соңғы сөзін айтып қоштасқанын және қызының оның ажалына куә болғанын қаламайтынын жеткізді. Ол менімен де қоштасып үлгерді, себебі морфинмен бір аптадан артық шыдамайтынын білген еді. - Тамаша, олай болса, сіз аса ұзақ уақыт азап шекпейді екенсіз, - деп үн қаттым. Ол көп ұзамай сол күні түн ортасында жан тапсырды.

Ол сіздің қарым-қатынас жасауыңызда нені аса бағалады?

Ол соңғы рет менімен жүздескеніне өте риза екендігін айтты. Ол жағдайының нашарлауымен өзіне және басқаларға ауыртпалық түсіргенін қаламады. Бұл маған қатты әсер етті және мен мұндай сезімді тек сол сәтте бастан кешірдім. Қарттыққа немесе ауруға шалдығуға байланысты жан тапсыра алу мүмкіндігіміз – бізге берілген тағдыр сыйы. Көптеген дәрігерлер мен бағушылар олар адам өмірін мүмкіндігінше ұзартулары тиіс деген ойда, алайда бұл – айлар, тіпті жылдар бойы азап тарту деген сөз және бұл - шынында да, өте қорынышты жағдай

Мен қандай жағдайлар болмасын үмітімді үзбейтін адамдар қатарынан емеспін, себебі оның алып келер пайдасы шамалы. «Ажалдан ақша беріп құтылмас» немесе «Жолаушының ақысы - жүрсе өнеді» деген мақал бар.

Өзіңіз үшін сақтандыру шараларын жасадыңыз ба?

Мен барлығын жазбаша түрде жазып қалдырғанмын, сондықтан менің балаларым маған жанашырлық танытып, мені ұзақ жылдар бойы бір жерде қалдырмайды. Егер әлі де есімді білетін болсам, дереу тамақ жеуді доғарып, содан кейін морфинмен тыныш қана ұйқыға жатамын. Ал егер есімді жоғалтатындай жағдай болса, менің жасанды тыныс алудан бас тартуыма байланысты менің ұзаққа шыдамайтыным сөзсіз. Сонымен қатар абыройлы түрде жан тапсыру бойынша неміс қауымдастығының мүшесі болдым. Егер жан тапсыру кезінде көмек керсетуге рұқсат берілген жағдайда олар маған қол ұшын соза алады.

Менің екінші жұбайым ауыр науқас болғандықтан өз-өзіне қол жұмсады. 6-қабаттан секірген болатын. Мен оған толықтай түсіністікпен қарадым және басқа амалым жоқ болғанда, мен де солай жасар едім. Уақыты келгенде мен де қажетті амал жасармын деген ойдамын.

Хосписте қызмет етудің өміріңізге тигізген қандай әсері болды? Жүрегіңізде қорқыныш ұяламай ма?

Мен бала кезімнен өлімді көріп өстім, бұл мен үшін үйреншікті жағдай болатын. Өмір бар жерде өлім де бар. Еврей халқында ежелден келе жатқан «Өмір мен өлім қатар жүріп қана тұтас тіршілікті құрайды» деген нақыл сөз бар.

Жасым келе бұл жағдаймен ойдағыдай, сондай-ақ оңайырақ күресемін. Соғысқа қарамастан өзім жасаған қаншама істердің мен үшін соншалықты маңызды болғандығын жиі есіме аламын. Бұл өте керемет.

Қалай дегенмен де, ең ақырында бір күн жеткілікті емес пе?

Бұл, бәлкім, құлаққа оғаш естілер, бірақ менің ойымша, басқа жандарға адам өмірінің сырт көзге ғажап көрініп, ал өлімнің соған қандай да бір үйлесімділік беретінін айта отырып, көмек қолын созу аса маңызды болып табылады. Көп адамдардың бұл жөнінде ойланғысы келмейді. Меніңше, әлдекімге өлімге басқа көзқараспен қарауға көмектесу ғажап дүние секілді.

Қорыта айтқанда, өлім - тұтастықтың бір бөлшегі. Ол мен үшін еш ұнамсыз немесе жан түршігерлік жайт емес. Бізге тек әдемі нәрсені ғана ғажап деп есептеу тән, алайда бұл - қате. Жақсылық жамандықпен қатар жүргенде ғана ол ғажап болып табылады.

Соңғы демін күтіп жатқан науқас не нәрсеге мұқтаж?

Соңғы демін күтіп жатқан науқас сүйсіпеншілікке толы қамқорлыққа зәру. Ешбір айтылар сөзсіз. Бұл өте маңызды нәрсе. Сондай-ақ мен әрдайым «шынайы қуанышымды білдіре отырып» тіл қатамын, себебі адамдар оны бірден сезінеді.

Сіз оларға күш-қуат бересіз бе?

Иә. Күш-қуат пен әлсіздікті, өмір мен өлімнің екеуін де қабылдаған уақытта ғана күш-қуатқа ие боласыз. Бұл тек маған ғана емес, басқаларға да қатысты. Мен оларға күш-қуат беремін, тіпті оны саналы түрде жасамаймын, жай ғана оған ерік беремін.

Дінге сенудің қандай да бір маңызы бар ма?

Жалпы айтар болсам, соңғы сәтте емес. Мен бұл жағдайды тек бір рет бастан кешірдім, яғни бір ер кісі жан тапсырар алдында былай деді: «Демек, енді бәрі түзелді, тек Құдайдың қалағаны болады.»

Бірде шіркеуге баруды доғарған екі қыздың анасы атанған әйел кісінің сүйемелдеуішісі болдым. Ол дінге мойынсұнбайтын және барлығы оны сол қылығы үшін жазғыратын. Мен оның өзі үшін қалай дұрыс деп тапса, сол шешіміне деген сенімін нығайттым.

Менің ойымша, діни сенім - рухани принципке негізделген негізгі сенімге бөгет жасайтын өтемдік әрекет. Еврейлердің ежелгі Киелі кітабында бұл былайша түсіндіріледі: Біз өмірден озғанда ішкі жан дүниемізде қозғаушы күш орнайды. Содан соң біз дүниедегі бүкіл жан баласын бір-бірімен байланыстыратын Ғалам күші әсерінен өмір сүретін боламыз. Мен мұны шіркеуге тиесілі болудан әлдеқайда маңыздырақ деп есептеймін. Сондай-ақ еврейлердің Киелі кітабында діни сенім жөнінде жазылмаған. Қазіргі уақытта діни сенім ретінде аударылатын «Emona» сөзі шын мәнінде негізгі сенім мағынасын білдіреді.

Өлім аузындағы жанды соңғы сапарға аттандыру кезінде сіз үшін ең ауыр күнәлар қайсылар?

Мен үшін ең ауыр күнә - адамдарды мәжбүрлеп тамақтандыру.

Сізде «дәрігер ретінде емдеу» мен соңғы сапарға аттандыру әрекеті арасында қарама-қайшылықтар орын алды ма?

Жоқ. Егер адам оның өмірін одан әрі ұзарту және аз да болса жақсарту үшін көмек көрсетілуін қаласа, оның қалауы орындалады. Егер адам өмірмен қоштасу сәтіне жеткенін сезінсе, оның еш кедергісіз мәңгілік ұйқыға кетуіне де жағдай жасалады. Алдына келіп, «Сенің қолыңнан келмейді» немесе «Сен олай жасай алмайсың» деп айту – мен үшін дұрыс емес нәрсе.

Өлім аузындағы жанның хал-жағдайын білуге кіргенде, ол адам үшін сіз бөтенсіз, бұл жағдайдың артықшылығы басым ба, әлде кемшілігі ме?

Артықшылығы басым. Өлім аузындағы жандардың көбі достары мен туыстары алдында өз сезімдерін жасырады. Олар шынайы сезімдерін көрсетпей, «абыроймен» өмірден озуды қалайды. Сол себепті, олардың көбі хал-жағдайын білуге келушілер шығып кеткеннен кейін көп ұзамай-ақ жан тапсырады. Науқастардың мені соншалықты жақсы білмегенін дұрыс деп есептеймін. Тұлға ретінде мен шұғыл амалдарын жасаймын, не болмаса бұл іске кіріспеймін. Кейбір адамдар үшін мен тік мінездімін.

Сіз өз-өзіңізге өте сенімді адам ретінде көрінесіз, қателік жасауыңыз мүмкін деген ойлар келеді ме?

Егер қателік жасасам да, ол қателігім өз қалауы бойынша шешім қабылдау үшін менің қателіктеріме мұқтаж адамдарға пайда әкелетініне сенгендіктен менің бойымда өз-өзіме деген сенімділік ұялайды. Әрдайым барлығын дұрыс және өте жақсы орындаймын деп ойлау - бұл тәкаппарлық.

Соңғы сағатыңыз келгенде орындалғанын қалайтын қалауыңыз бар ма?

1980 жылы жүрек ұстамасына ұшырадым, сол кездегі қалағаным – жай ғана әп-сәтте жан тапсыру. Қажетті адам қажетті уақытта менің жағымда болады деп ойлаймын. Маған басқа ешнәрсе керек емес.

„Өлім – жай ғана түбегейлі өзгеріс. Менің міндетім – мұны ажал үстіндегі адамға жеткізу.“

– Рахель Манн
Андреа Тен жүргізген сұхбат

Рахель Манн: Өмірлік қуат дәл осы жерде және дәл осы сәтте негізін табады

Рахель Маннмен жолыққан адам жіпсіз байланып қалады. Ол - ашық мінезді, жеке басқа қатысты сауалдарды қысылмай қойып, өз көзқарасын еркін білдіретін адам. Өзіне қарсы келетін адамдарды түсінуге тырысады, ешбір нәрсені уысынан шығармайды. 79 жаста болса да, ол күш-жігерге толы, даусынан қарттықтың да, шаршаңқылықтың да белгісі көрінбейді. «Әрбір іс-әрекетте белгілі мақсат бар», – дей келе, өлім аузындағы жандармен жүздескенде оларға осылайша өз күш-қуатымен бөліседі.

Оның өмірлік ұстанымы мүлдем ақылға қонымсыз, себебі Манн өліммен өте ерте жасында қауышты. Еврей ұлтының өкілі ретінде 1937 жылы Берлинде жоспарсыз жүктілік нәтижесінде дүниеге келген болатын. Ол нацистер қолынан қаза тапқан әкесінің кім екенін де білмей өсті. Оның айтуынша, ол анасының тағдыр тармағынан орын ала алмады. Анасы 1941 жылы жер аударылған уақытта

бейтаныс адамдар оны жасырын ұстап, осылайша өмірін сақтап қалды. Ол соғыс жылдарының соңғы алты айын Берлин қаласында орналасқан үйдің жертөлесінде өткізді.

Манн өз бетінше оқуды, сондай-ақ өз күнін өзі көруді, сол кездегі ауыр ахуалдан шығу жолдарын сол жерде үйренді. Бұл жағдай соғыстан кейін де жалғаса берді. Анасы белсенді туберкулезден айығу үшін ұзақ уақыт бойы ауруханада болғанда, ол қайтадан жалғыздыққа ұшырады. «Маңызды емес нәрсе», – деп, ол қолын бір сілтеді. Ол ешкімнің қадағалауынсыз болғанды ұнататын.

Дегенмен, бұл жағдайдың екінші жағы да бар еді, 17 жасында өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасады, себебі, қалай болғанда да бәрі біз ойлағандай емес. Ол өзінің аман қалғанына кінәлілік сезімімен арпалысып, күнделік жазатын, сондай-ақ өлең шығаратын. Бұл оған әрі қарай өмір сүруге жігерлілік беретін: орта мектепті бітіру, психолог дипломы, тұрмыс құру, медицина мектебі, екі перзент, яғни ұлы мен қызы, екі өлі туылған нәресте, ажырасу. Медицинаны оқып жүргенде-ақ натуропатикалық тәжірибе жұмысында қызмет атқарып жүрді. Екінші қарқынды қарым-қатынас та соңына жетті. Бұл жағдайдан соң басқа қарым-қатынас құру тіпті ойда болмады. «Ер адамдар сондай нәзік болса да шешімді өздері қабылдауға құмар», – дейді ол қолын кеудесіне айқастыра отырып. Осылайша, ол 1980 жылы тәуелсіздік жолына қадам басты. Манн Брунсвикке қоныс аударып, онда психосоматика, гомеопатия және нейротерапия кабинетін ашты, алайда дәрігер ретінде емес, өзі айтпақшы, еркіндікте болу ниетімен тәжірибе жинаушы кәсіби емес дәрігер