Шынайы өмірден шынайы өмірге

Компания өміріне көпшілікке беймәлім тұсынан қараңыз

Жылдық есеп қандай мақсатпен, қалай және кімдерге арнап құрастырылады?

Өткен жылы алғашқы рет B. Braun компаниясының жылдық есебінің басты назарында болған тұлға: Оле, Бавариядан келген отбасылы кісі. Осы жылы ол Шанхайда тұратын Сяо Цзян есімді жас қыз. Бұның негізгі тұжырымдамасы қандай? Шынайылық! "Біздің жылдық есебіміздің идеясы адамды күнделікті өмірде бақылау болып табылады. "Біз оларға өмірдегі естеліктерін, қызықты әңгімелерін, бейнелерін - күнделікті өмірдегі маңызды әңгімелері мен кезеңдері туралы айтуға мүмкіндік береміз" " дейді корпоративтік байланыстар мен корпоративті кадрлар бөлімінің директоры доктор Бернадетт Тилманнс-Эсторф.

Мінсіз адам жоқ

Әдетте жылдық есепте тек фактілер, сандар мен қаржы нәтижелері қарастырылатынын ескерер болсақ, онда компаниямыздың тың әдісті пайдалануы айтарлықтай қуантады. Осы орайда B. Braun компаниясы өзін осымен ғана шектеуден саналы түрде бас тартады, себебі: ""Біздің корпоративтік қызметіміздің мәні әрдайым адамдармен, олардың өмірімен және олардың денсаулықтарымен байланысты" " дейді корпоративтік баспаның басшысы Хольгер Майнинг. Сол себепті жылдық есепте қарны тоқ, уайымы жоқ мінсіз адамдар туралы емес, керісінше өздері немесе жақын адамдары жеңіс пен жеңілістің дәмін татқан, қиындықтарды бастан кешіріп және сырқатын жеңе білген шынайы тұлғалар туралы баяндалады.  

Ауру туралы тақырыптардан аулақ болмасақ та, назарымыз әрдайым денсаулық пен өмірдің мәнінде. ""Басты мақсат B. Braun компаниясының нақты қай жерде көмегін тигізетіндігін және адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғаудағы компанияның қандай үлес қосып жатқандығын түсіну" " дейді корпоративтік баспаның жоба менеджері Нина Скшишовски.

Біз Оленің орнын басушысына оңай болмайтынын білдік

Бірақ өзінің өмірі жайлы осындай жеке және шынайы әңгімелейтін адамды қалай табуға болады? ""Еш күмәнсіз, ол тек ашық және түсіне қарайтын емес, сондай-ақ мансабы туралы өзіне-өзі сенімді және ол туралы айтуға дайын адам болуы тиіс" " дейді Хольгер Майнинг. 

"Оле өзінің мейірімді және қарапайым мінезімен біздің үмітімізді ақтап, деңгейді өте жоғары орнатты. "Біз оның орнын басушысына оңай болмайтынын түсіндік" " дейді Майнинг. Кем дегенде үш жыл қолданыста болатын жалпы тұжырымдаманың нәтижесінде команда 2016 жылдың жылдық есебінде Шанхайда тұратын жас әйел болатындығын басынан білді. Бұл, әлбетте, біраз логистикалық қиындықтарды тудырды: Мельзунген мен Шанхай, сондай-ақ ішкі және сыртқы жоба қатысушылары - агенттер, фотографтар, бейнежазбаға түсірушілер тобы және маңызы аз емес маркетинг, өнімді басқару, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, заң бөлімдері әріптестерінің арасында үйлесімділікті қамтамасыз ету қажет болды. Кідірісті болдырмау мақсатында мұның бәрі қысқа мерзімде үйлесуі  керек болатын. Сонымен қатар жылдық есептің қаржылық нәтижелері бойынша баспасөз мәслихатын өткізу - жылдық есепті жариялау күні талқыланбайды. 

Суыққа, уақыт шектеулеріне, екі есе артық жұмсалған уақытқа қарамастан өз ісіне жауапты

""Шынымды айтсам, осы жобаның басында даралығы, қатынасы және құндылықтары B. Braun компаниясымен сәйкес келетін және тиісті мағыналық мазмұн алып келетін адамды Шанхай секілді алып мегаполистен тапқанша, басты кейіпкерді басынан жасай салу оңай деп ойладым" " деп еске алады Нина Скшишовски. Және Хольгер Майнингтің айтуынша: "Сяо Цзян сияқты өз өмірі туралы осындай керемет және қарапайым жолмен айтып бергісі келетін адамды табу бір болмыс және менің күткенімнен де әлдеқайда асып түсті. Өткен жылы Олемен жұмыс істегендей, онымен жұмыс істеу де керемет болды. Ол әрдайым көңілді және суыққа, уақыт шектеулеріне, екі есе артық жұмсалған уақытқа қарамастан, сурет және бейнебаян түсіру арқылы өз ісіне жауапты болды. Сонымен қатар, ол сенімді және кәсіби, шынайы адам. Келесі жылдың басты кейіпкері үшін деңгей критерийлері жоғары деңгейде қалады" " дейді Хольгер Майнинг. 

Тіпті дайындықтар жүргізіліп жатса да, оның тұратын жері қатаң түрде құпия болып қалады. Өйткені, команда мына ұранмен өмір сүреді: Жылдық есептен жылдық есепке дейін. Дегенмен, жарияланымнан кейін кішігірім мерекелік кеш болды. Бұл кешке жылдық есептің басты кейіпкерлері Мельзунгендегі іс-шараға арнайы келген екі адам қатысқан болатын. Біреуі Бавариядан, ал екіншісі Шанхайдан.

Команда мүшелері: (сол жақтан оңға қарай) Хольгер Майнинг и Нина Скшишовски (корпоративтік баспа) жылдық есептің басты кейіпкерлері Оле және Сяо Цзянмен және оның серіктесі Биллмен бірге.