Оқиға корональды ангиопластика

Жүрек мәселесі

Стенттер мен баллондық катетерлердің өмір сүру сапасына тигізетін әсері

"Мұны ауырсынбай елестету мүмкін емес" дейді Гюнтер Прейсс. 82 жастағы Берлин тұрғыны өткенді ауырсынып еске алған сәтте еріксіз қолын кеуде тұсына қойды. Бұл таңқаларлық нәрсе емес, өйткені ол өзінің жеке "жүрек мәселесінен" шамамен 30 жыл бойы азап шекті. Прейсс алғаш рет жүрек ұстамасына ұшыраған кезде 56 жаста болды.

Günther Preiss
Гюнтер Прейсс (82 жас) өзінің сүйікті ісімен айналысқаннан кейін жүрек ұстамасына шалдыққан, содан бері 30 жылдан астам уақыт бойы кардиология емделушісі болып табылады.

Осындай әңгімелер жүрек ұстамасының емделушінің өміріне қаншалықты әсер ететінін көрсетеді. Дегенмен, ол аман-сау және медицинаның алға басу қадамының пайдасын көруде. Мысалы, стенттер мен баллондық катетерлер аз инвазиялық емдеуді қамтамасыз етеді.

Ангиопластиканың басты мақсаты минималды инвазиялық емдеуді қамтамасыз ететін стенттер мен баллондық катетерлер арқылы тарылған қан тамырларын кеңейту болып табылады. Стент жеке-дара қан тамырларын ашық ұстауға және қан ағысына кепілдік бермейді және тіпті рестеноз сияқты қан тамырларының тарылуына әкелуі мүмкін. B. Braun компаниясы стенттерді дәрі-дәрмектермен жабу арқылы тарылу қаупін азайтады. B. Braun компаниясының осы саладағы соңғы инновациясы - Coroflex® ISAR деп аталатын дәрі-дәрмекпен жабылған полимерсіз стент . B. Braun компаниясы оны Мюнхен (Германия) қаласындағы неміс кардиологиялық орталығымен тығыз ынтымақтастықта әзірледі

"Бұл өнім рестеноздың алдын алу үшін сиролимус дәріcінің бақыланатын босатылуын қамтамасыз етеді. Берлин қаласындағы B. Braun Vascular Systems компаниясындағы стент әзірлеуге жауапты Хорхе Калисс есімді дәрігер: "Жабын дәрі-дәрмекпен қоса үш ай ішінде толығымен сіңіріледі, бұл кейінгі қабыну реакцияларын айтарлықтай төмендетуі керек" " деп түсіндірді. B. Braun компаниясы көптеген жылдар бойы интервенциялық ангиопластика өнімдерін шығаратын еуропалық жетекші өндірушілердің бірі. Емделуші келесі жыл бойы стентте қауіпті ұйысқан қан пайда болуының алдын алу үшін тромбоциттердің жинақталуын болдырмайтын дәрілерді қабылдау тиіс. Егер оған қарсы көрсетімдер болса, ауру түріне байланысты, стентті мүлдем импланттамау керек.

Кардиологиядағы жүйелік серіктес

Оның орнына дәрігер B. Braun компаниясының тағы бір инновациясы болып табылатын қан тамырлары окклюзиясының бойына орналастырылатын SeQuent® Please NEO дәрі-дәрмекпен жабылған баллондық катетерін қан тамырлары окклюзиясының бойына орналастырып, үрлей алады. Содан кейін баллон беті стентті импланттаусыз тұрақты қантамыр кеңеюіне қол жеткізе отырып, өсуді бәсеңдеткіш дәріні босатады. Емдеу жергілікті анестезиямен жасалады және емделуші емнен кейін көп ұзамай ауруханадан шыға алады. ""Бұл минималды инвазиялық, отасыз әдіс тарылған немесе бітелген қан тамырларын механикалық түрде кеңейту үшін пайдаланылады" " деп түсіндіреді доктор Флек. Емдеу жергілікті анестезиямен жасалады және ем алушы тиісті шаралардан соң кейін көп ұзамай ауруханадан шыға алады.